Құжаттар тізімі
Оқуға түсуге келісім беру туралы өтініш берген соң келесі құжаттар жиынтығын ұсыну қажет:
1. Жеке басын және азаматтығын куәландыратын құжат (төлқұжат немесе жеке куәлік); СПбГКУ оқуға түсушілер үшін төлқұжаттың көшірмесі міндетті болып табылады.
2. Бакалавриатқа түсушілерге: бағалары көрсетілген қосымшасымен орта (толық) жалпы білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжат (аттестат) немесе орта кәсіптік білімі туралы (дипломы) бағалары көрсетілген қосымшасымен нотариалды куәландырылған көшірмелері;
Магистратураға түсушілерге: бағалары көрсетілген қосымшасымен жоғары білімі туралы мемлекеттік құжаттың (дипломның) нотариалды куәландырылған көшірмесі.3. № 075-У нысанындағы медициналық анықтама, ағымдағы жылдың 16 маусымынан ерте емес флюорография суреті.
4. Екпелер туралы ақпарат – № 063-У анықтамасы.
5. 3х4 өлшеміндегі түрлі-түсті 8 фотосурет.
6. Ер балалар үшін: тіркеу куәлігінің немесе әскери билеттің көшірмесі.
Ескертпе:: егер жеке басын куәландыратын құжат (жеке куәлік), аттестат, диплом мемлекеттік тілде ресімделсе, құжаттың нотариалды куәландырылған орыс тіліндегі аудармасын ұсынуы қажет.
Қабылдау комиссиясында толтырылады:
1. Қабылдау комиссиясының электронды формасы.
2. Таңдалған оқу бағыты мен оқу бөлімі көрсетілген ректордың атына жазылған өтініш.
3. Өмірбаяны.
4. Жеке іс парағы.
5. Тіркеу картасы.