СПбГУП Алматы филиалының өкілдері Бостандық ауданының кәсіптік бағдар беруші педагогтеріне арналған семинар өткізді
2026 жылғы 12 қарашада Бостандық ауданының білім бөлімі ұйымдастырған «Мектептегі заманауи кәсіптік бағдар беру жұмысының психологиялық-педагогикалық және әдістемелік аспектілері» атты аудандық ғылыми-практикалық семинар № 60 мектеп-гимназия» КММ-де өтті. Іс-шараға кәсіптік бағдар беруші 15-тен астам педагог қатысты. Семинардың сарапшылары мен негізгі спикерлері Санкт-Петербург Кәсіподақтар гуманитарлық университеті Алматы филиалының өкілдері: директордың орынбасары Е. В. Бодрова, аға оқытушы А. С. Закирова және кәсіптік бағдар беру жұмысының үйлестірушісі А. О. Денисенко болды.
Семинар барысында филиал өкілдері университеттің мектеп оқушыларына кәсіптік бағдар беру саласындағы тәжірибесімен бөлісіп, кәсіптік бағдар беру жұмысының заманауи тәсілдерін таныстырды және білім беру ұйымдарының өзара іс-қимыл жасау мүмкіндіктері туралы баяндады. Мектептер мен жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастық перспективаларына, соның ішінде өзара ынтымақтастық туралы меморандумдар жасасу мәселесіне ерекше назар аударылды. Сонымен қатар қатысушылар жастардың кәсіби өзін-өзі анықтауына қатысты өзекті әдістерді талқылап, практикалық тәжірибелерімен алмасты.
СПбГУП Алматы филиалының аудандық семинарға қатысуы Алматы қаласының білім беру ұйымдарымен кәсіби ынтымақтастықты дамыту жолындағы маңызды қадам болды. Филиал Бостандық ауданының білім бөліміне және № 60 мектеп-гимназия» КММ әкімшілігіне іс-шараны ұйымдастырғаны, қатысуға шақырғаны және сындарлы кәсіби диалог орнатқаны үшін алғыс білдіреді.
16 Қараша 2026