Қазақстан Республикасының цифрландыру және ақпараттық технологиялар қызметкерлері күні
Санкт-Петербург Кәсіподақтар гуманитарлық университетінің Алматы филиалы цифрландыру және ақпараттық технологиялар саласының мамандарын кәсіби мерекелерімен құттықтайды!
Цифрлық инфрақұрылымды дамыту, инновациялық шешімдерді енгізу және ақпараттық технологияларды жетілдіру елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының маңызды шарттары болып табылады. Сала мамандарының кәсіби қызметі білім беру, ғылым, мемлекеттік басқару, бизнес және қоғамдық өмірдің басқа да салаларын жаңғыртуға ықпал етеді.
Сіздердің кәсіби шеберліктеріңіз, құзыреттіліктеріңіз және озық технологиялық шешімдерді енгізуге деген ұмтылыстарыңыз қоғамды дамытудың жаңа мүмкіндіктерін ашып, үдерістердің тиімділігін арттырады әрі Қазақстанның цифрлық болашағының негізін қалайды.
Сіздерге кәсіби бастамаларыңызды табысты жүзеге асыруды, перспективалы жобаларды, жаңа жетістіктерді, сарқылмас шығармашылық әлеуетті және еліміздің цифрлық кеңістігін дамыту жолындағы толағай табыстарды тілейміз!
Мерекелеріңіз құтты болсын!
10 Қараша 2026