Қабылдау комиссиясы СПбГКУ
(Санкт-Петербург)
8 (800) 333 52 02
Алматы филиалының
қабылдау комиссиясы СПбГКУ
8 (727) 345-35-03 8 (727) 279-07-61 8 (706) 418-79-50 (Whatsapp)
Деканаттың телефоны
8 (727) 345-35-04
доб. 1302 (Экономика)
доб. 1306 (Құқықтану, Психология,
Қолданбалы информатика, СКД)
Қабылдау комиссиясы:
8 (727) 345-35-03 (Алматы)
8 (727) 279-07-61 (Алматы)
8 (706) 418-79-50 (Алматы Whatsapp)
8 (800) 333-52-02 (Санкт-Петербург)
 

Филиал студенттері мен оқытушылары ресейлік жазушылармен кездесуде Китапханашы күнін атап өтті


2026 жылғы 20 қазанда Санкт-Петербург кәсіподақтар гуманитарлық университеті Алматы филиалының студенттері мен оқытушылары Кітапханашы күнін мерекелеуге орайластырылған ресейлік жазушылармен кездесуге қатысты. Іс-шара Алматы қаласындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы ғимаратында «Қазақстандағы Россотрудничество» өкілдігінің қолдауымен «Кітапта шекара болмайды» бірлескен жобасы аясында өтті.

Кездесудің қонақтары жазушы, сценарист, әдеби продюсер, Ресей жазушылар одағы басқармасының бірінші хатшысы Сергей Чекмаев және жазушы, PULSTART баспасының жобалық директоры, Ресей жазушылар одағының Санкт-Петербург бойынша бөлімшесінің басшысы әрі IRON HEAVENS авторлараралық кросс-медиалық жобасының жетекшісі Денис Килесов болды.

Кездесу ашық қарым-қатынас форматында өтіп, қатысушыларды қазіргі қоғамдағы кітап пен кітап оқудың рөлін талқылау айналасына біріктірді. Жазушылар өздерінің кәсіби тәжірибесімен бөлісті, кітап оқудың заманауи тенденциялары, дәстүрлі баспа кітабын дамыту перспективалары және әдеби жобаларды жүзеге асыру туралы айтып берді.

Жастар арасында әдебиетті дәріптеудің жаңа тәсілдерін іздестіруге ерекше назар аударылды. Қатысушылар цифрлық технологиялардың кітап оқуды танымал етуге, авторлардың аудиториямен өзара әрекеттесу мүмкіндіктерін кеңейтуге және кітап мұрасының құндылығын сақтай отырып, жас ұрпақтың әдебиетке деген қызығушылығын арттыруға қалай көмектесетінін талқылады.

Мұндай бастамалар білім беру және мәдениет мекемелері ынтымақтастығының маңыздылығын көрсетеді, гуманитарлық байланыстарды нығайтуға әрі кітапты білімнің, шабыттың және рухани дамудың маңызды дереккөзі ретінде дәріптеуге ықпал етеді.

24 Қазан 2026
image image image image