Ресейде ҰБТ-сыз жоғары білім алу: СПбКӘУ Алматы филиалының өкілдері Алматы мектеп оқушыларымен кездесті
2026 жылғы 19 қазанда Санкт-Петербург кәсіподақтар гуманитарлық университеті Алматы филиалының өкілдері «№ 44 мектеп-гимназиясы» КММ оқушыларына арнап кәсіптік бағдар беру кездесуін өткізді. Шараға 60-тан астам оқушы қатысты.
Филиал атынан Экономика, информатика және математика кафедрасының меңгерушісі Жаннат Салаватқызы Аймешева, тәрбие жұмысы жөніндегі маман Алина Олеговна Денисенко және студент-волонтерлер сөз сөйледі.
Кездесу барысында оқушылар университет, даярлау бағыттары, білім беру процесінің ерекшеліктері мен оқуға түсу шарттары туралы мәлімет алды. ҰБТ тапсырмай-ақ ресейлік жоғары білім алу мүмкіндіктеріне, сондай-ақ дайындық курстарында ішкі түсу сынақтарына дайындалу мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Оқушылар үшін викториналар мен тақырыптық тапсырмалар ұйымдастырылып, бұл оларға белсенді пікірталасқа араласуға, өз білімдерін тексеруге және әрі қарай білім алу мүмкіндіктері туралы пайдалы ақпарат алуға мүмкіндік берді.
Кәсіптік бағдар беру жұмысы — СПбКӘУ Алматы филиалының оқытушылары мен қызметкерлері қызметінің маңызды бағыты. Мұндай кездесулер мектеп оқушыларына Ресейде жоғары білім алу мүмкіндіктері туралы түсініктерін кеңейтуге, университеттің білім беру бағдарламаларымен танысуға және болашақ мамандықты саналы түрде таңдауға көмектеседі.
20 Қазан 2026