СПбКГУ Алматы филиалында Ашық есік күні өтті
2026 жылғы 26 қыркүйекте Санкт-Петербург Кәсіподақтар гуманитарлық университетінің Алматы филиалында болашақ студенттер мен олардың ата-аналарына арналған Ашық есік күні өтті. Іс-шараға 30-дан астам қонақ қатысты.
Кездесу жанды диалог форматында ұйымдастырылды. Шара барысында қатысушылар университет, даярлау бағыттары, түсу ерекшеліктері мен білім беру процесін ұйымдастыру туралы ақпарат алды. Сонымен қатар қонақтар кездесу барысында директордың кәсіптік бағдар беру және тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Е.В. Бодроваға тікелей сұрақтар қойып, егжей-тегжейлі жауаптар алуға мүмкіндік алды, бұл қарым-қатынасты барынша мазмұнды әрі ашық етті.
Кәсіби өзін-өзі анықтау мәселелеріне ерекше назар аударылды. Болашақ мамандығын немесе оқу бағытын әлі шешпеген қатысушылар үшін кәсіптік бағдар беруші маманмен консультация өткізілді. Оқушылар өздерінің қызығушылықтары мен кәсіби қалауларын талқылап, ұсыныстар алды және әрі қарайғы оқудың ықтимал бағыттарын қарастыра алды.
Ашық есік күні болашақ талапкерлер үшін СПбКГУ Алматы филиалымен жақынырақ танысуға, көкейкесті сұрақтарға жауап алуға және білім беру мен кәсіби бағытын саналы түрде танңдауға мүмкіндік берді.
26 Қыркүйек 2026