Қабылдау комиссиясы СПбГКУ
(Санкт-Петербург)
8 (800) 333 52 02
Алматы филиалының
қабылдау комиссиясы СПбГКУ
8 (727) 345-35-03 8 (727) 279-07-61 8 (706) 418-79-50 (Whatsapp)
Деканаттың телефоны
8 (727) 345-35-04
доб. 1302 (Экономика)
доб. 1306 (Құқықтану, Психология,
Қолданбалы информатика, СКД)
Қабылдау комиссиясы:
8 (727) 345-35-03 (Алматы)
8 (727) 279-07-61 (Алматы)
8 (706) 418-79-50 (Алматы Whatsapp)
8 (800) 333-52-02 (Санкт-Петербург)
 

Санкт-Петербург Кәсіподақтар гуманитарлық университетінің Алматы филиалында төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимылдар бойынша оқу-жаттығу өтті


2026 жылғы 3 қыркүйекте Санкт-Петербург Кәсіподақтар гуманитарлық университетінің Алматы филиалында бірінші курс студенттерінің Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлерімен кездесуі өтті.

Бұл іс-шараның баяндамашылары подполковник М. Ж. Шакенов және аға лейтенант Д. А. Тасбұлатов болды.

Кездесудің негізгі тақырыбы төтенше жағдайлар туындаған кезде, атап айтқанда жер сілкінісі кезінде халықтың іс-қимылы болды. ТЖД мамандары бірінші курс студенттеріне қауіпсіз мінез-құлық ережелері, сейсмикалық қауіп төнген жағдайдағы іс-қимыл тәртібі және өмір мен денсаулыққа төнетін қатерлерді азайтуға мүмкіндік беретін шаралар туралы айтып берді.

Іс-шара аясында студенттер үшін практикалық оқу-жаттығулар өткізілді, оның барысында олар алған білімдерін бекітіп, төтенше жағдай кезіндегі іс-қимыл алгоритмін пысықтады.

Мұндай іс-шараларды өткізу — Алматы филиалының студенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жауапты мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру жөніндегі жұмысының маңызды бөлігі. Алған білімдері мен практикалық дағдылары бірінші курс студенттеріне ықтимал төтенше жағдайларға дайын болуға және олар туындаған жағдайда ұйымшылдықпен әрекет етуге көмектеседі.

СПбКГУ Алматы филиалы Алматы қаласы ТЖД қызметкерлеріне ақпараттық-практикалық сабақ өткізгені және студенттердің қауіпсіздігі мәселелеріне көңіл бөлгені үшін алғыс білдіреді.

04 Қыркүйек 2026