СПбКМУ Алматы филиалы «Подарок Родине» халықаралық форумына қосылды
2026 жылғы 5 маусымда Санкт-Петербург Кәсіподақтар гуманитарлық университетінің Алматы филиалы Мәскеудегі Дүниежүзі халықтары ассамблеясының штаб-пәтерінде өткен «Подарок Родине» халықаралық қоғамдық онлайн-форумына қатысты.
Форум Қазақстан, Ресей, Беларусь, Қырғызстан, Молдова, Словакия және басқа да елдердің іздеу жасақтарының, қоғамдық ұйымдардың, ғылыми қауымдастықтың, волонтерлік қозғалыстар мен сарапшылар топтарының өкілдерін біріктірді. Қатысушылар тарихи зердені сақтауға, жастарға патриоттық тәрбие беруге және халықаралық гуманитарлық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған 130-дан астам қоғамдық бастаманы ұсынды.
Кездесу модераторы ретінде Дүниежүзі халықтары ассамблеясының Тарихи зердені сақтау жөніндегі кеңесінің төрағасы, профессор Ләйлә Ахметова сөз сөйледі. Оның көпжылдық зерттеу, қоғамдық және ұйымдастырушылық қызметінің арқасында «Подарок Родине» жобасы әртүрлі елдерден жүздеген қатысушының басын қосып, тарихи зердені сақтаудың маңызды халықаралық платформасына айналды.
«Подарок Родине» халықаралық қоғамдық форумына қатысу СПбКМУ Алматы филиалы үшін кәсіби диалог, тәжірибе алмасу және халықаралық ынтымақтастықты дамытудың маңызды алаңына айналды. Сондай-қай форум тарихи зердені сақтауға, мәдениетаралық диалогты нығайтуға және елдер арасындағы гуманитарлық байланыстарды дамытуға бағытталған бірлескен жастар жобаларын жүзеге асыру үшін жаңа мүмкіндіктер ашты.
09 Маусым 2026