Алматы филиалында «Жаһандық өзгерістер дәуіріндегі экономика, құқық, мәдениет және білім беру» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.
2026 жылғы 29 мамырда Санкт-Петербург кәсіподақтар Гуманитарлық университетінің Алматы филиалында «Жаһандық өзгерістер дәуіріндегі экономика, құқық, мәдениет және білім беру» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.
Конференцияны филиал директоры, құқық, жалпы және әлеуметтік психология кафедрасының профессоры, заң ғылымдарының кандидаты С.Ж. Шалтақбаев ашты. Өзінің құттықтау сөзінде ол ғылымды, заманауи технологияларды дамытудың және білім беру процесіне инновациялық тәсілдерді енгізудің маңыздылығын атап өтті. Жоғары білім беру жүйесіндегі жасанды интеллект тақырыбына, оның мүмкіндіктеріне, перспективаларына және қазіргі заманғы сын-қатерлеріне ерекше назар аударылды.
Сондай-ақ филиал кафедраларының оқытушылары мәдениет, экономика, құқық, психология және білім беру саласындағы өзекті зерттеулерін ұсына отырып, ғылыми баяндама жасады:
Н.О. Расилова – жалпы білім беру пәндері және әлеуметтік-мәдени технологиялар кафедрасының аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі «Қыз Жібек» эпосындағы әйел архетипі мен ұлттық эстетика тақырыбын талдады.
С.Б. Ратманова – жалпы білім беру пәндері және әлеуметтік-мәдени технологиялар кафедрасының доценті, педагогика ғылымдарының кандидаты қазіргі әлеуметтік-мәдени саладағы шығармашылық индустриялардың маңызын баяндады.
Н.В. Демидова – экономика, информатика және математика кафедрасының доценті, экономика ғылымдарының кандидаты әлемдік экономиканың қазіргі жаһандық үрдістеріне талдау жасады.
А.С. Закирова – құқық, жалпы және әлеуметтік психология кафедрасының аға оқытушысы, психология магистрі нейрожелілердің студенттердің когнитивті жүктемесіне, стресске төзімділігіне және өзін-өзі реттеуіне әсерін ашып көрсетті.
А.А. Аубакирова – құқық, жалпы және әлеуметтік психология кафедрасының профессоры, заң ғылымдарының докторы өз баяндамасын Қазақстан Республикасының қылмыстық процесіндегі қорғаушы-адвокаттың рөліне арнады.
О.С. Ахметова – экономика, информатика және математика кафедрасының доценті, педагогика ғылымдарының кандидаты әріптестеріне генеративті жасанды интеллекттің жоғары мектеп оқытушысының цифрлық ассистенті ретіндегі мүмкіндіктерін таныстырды.
Конференция аясында филиал оқытушылары қоғамның, білім берудің, экономиканың, мәдениеттің және құқықтың қазіргі даму үрдістеріне арналған ғылыми мақалаларын ұсынды, бұл еңбектер филиалдың ғылыми мақалалар жинағына енді.
29 Мамыр 2026