Меморандумнан болашақ мамандыққа: мектеп оқушылары мен студенттерге арналған жаңа жобалар
Ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қою – филиал мен білім беру ұйымдары арасындағы серіктестік қарым-қатынастарды дамытудағы маңызды кезең. Жасалған келісімдер мектептермен және колледждермен өзара іс-қимылды нығайтуға, кәсіптік бағдар беру қызметін дамытуға, сондай-ақ болашақ студенттерді даярлаудың тиімді жүйесін құруға бағытталған.
Білім беру ұйымдары үшін филиалмен серіктестік білім алушыларға қосымша мүмкіндіктер ашады: кәсіптік бағдар беру кездесулерін, мамандық таңдау бойынша кеңестер өткізу, шеберлік сыныптарына, ашық дәрістерге, олимпиадаларға және басқа да білім беру іс-шараларына қатысу. Бұл түлектердің сұранысқа ие мамандықтар мен әрі қарай білім алу мүмкіндіктері туралы хабардарлығын арттыруға ықпал етеді.
Қол қойылған меморандумдар аясында студенттер, оқытушылар және қабылдау комиссиясының мамандары талапкерлермен кәсіби өзін-өзі анықтауға және университет пен филиалдың білім беру мүмкіндіктерімен танысуға бағытталған кездесулер ұйымдастырды. Шаралар барысында кәсіптік бағдар беру тестілеулері өткізіліп, жеке білім беру және мансаптық траекториялар құрылды, сондай-ақ «Форсайт» кәсіптік бағдар беру ойыны ұйымдастырылды, оның аясында мектеп оқушылары болашақ мамандықтарды «көріп», кәсіби қызметтің ерекшеліктерімен таныса алды.
Сонымен қатар, филиалдың жетекші практик-оқытушылары болашақ мамандықты таңдау, мансаптық даму, бағыттардың сұранысқа ие болуы және әрі қарай жұмысқа орналасу мүмкіндіктері мәселелері бойынша жеке кеңестер жүргізді.
Университет пен филиал үшін меморандумдарға қол қою серіктестік желіні нығайтуға, білім беру ұйымдарымен ұзақ мерзімді өзара іс-қимылды құруға, кәсіптік бағдар беру жұмысының географиясын кеңейтуге және талапкерлердің жоғары оқу орнының білім беру бағдарламаларына деген тұрақты қызығушылығын қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Осылайша, ынтымақтастық туралы меморандумдар әрі қарайғы бірлескен жұмысқа, тәжірибе алмасуға, білім беру бастамаларын іске асыруға және болашақ мамандарды даярлау сапасын арттыруға негіз қалайды.
28 Мамыр 2026