«Қолданбалы информатика» және «Экономика» даярлау бағыттарының студенттері SDU University-де өткен Cybersecurity Day шарасына қатысты.
2026 жылғы 24 сәуірде «Қолданбалы информатика» және «Экономика» даярлау бағыттарының 1–2 курс студенттері SDU University базасында өткен Cybersecurity Day білім беру шарасына қатысты.
Іс-шара Fortinet және Cloud24.kz компанияларының қолдауымен ұйымдастырылып, студенттердің, сарапшылардың және IT-индустрия өкілдерінің басын қосты.
Cybersecurity Day аясында қатысушылар ақпараттық жүйелерді қорғаудың заманауи тәсілдерімен танысып, компаниялардың кибершабуылдарға әрекет ету механизмдері туралы білді, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздік мамандарының тәжірибесінен нақты кейстерді талдады. Өзекті қатерлер мен тиімді қорғаныс әдістерін талқылауға ерекше назар аударылды.
Студенттер тарапынан киберқауіпсіздік инженерлері күнделікті бетпе-бет келетін практикалық тапсырмалар мен жағдаяттарды талдау үлкен қызығушылық тудырды. Бұл қатысушыларға теориялық білімдерін бекітіп қана қоймай, саланың нақты жұмыс процестері туралы түсінік алуға мүмкіндік берді.
Шараға қатысу ақпараттық қауіпсіздік саласындағы білімді тереңдетуге, студенттердің кәсіби уәждемесін (мотивациясын) арттыруға және IT-сферасы мамандарына қойылатын заманауи талаптар туралы түсінікті қалыптастыруға ықпал етті.
Бұл сапар Экономика, информатика және математика кафедрасының оқу-ғылыми қызметі аясында ұйымдастырылды және практикаға бағытталған оқытуды дамытудағы маңызды қадам болды.
15 Мамыр 2026