«Қолданбалы информатика» мамандығының студенттері IT саласындағы халықаралық білім беру іс-шарасына қатысты
2025 жылдың 4 сәуірінде «Қолданбалы информатика» мамандығының 1–3 курс студенттері Сүлеймен Демирел атындағы Университеттің (SDU University) қолдауымен өткен AWS Student Day халықаралық білім беру іс-шарасына қатысты. AWS Student Day іс-шарасы Amazon Web Services (AWS) платформасында өтіп, IT индустриясының жетекші мамандарының қонақ дәрістері мен ғаламдық технологияларға арналған практикалық воркшоптарды қамтыды. Студенттер бұл іс-шара барысында бұлтты технологиялар, DevOps және заманауи IT-шешімдер саласындағы білімдерін тереңдетіп, қолданбалы информатика саласындағы дағдыларын жетілдіруге бірегей мүмкіндік алды. Мұндай деңгейдегі іс-шараларға қатысу – білім беру процесінің маңызды бөлігі, себебі ол студенттердің теориялық білімдерін нығайтып қана қоймай, сонымен қатар құнды практикалық тәжірибе жинақтауға жол ашады.
4 Сәуір 2025
.jpeg)
.jpeg)
.jpeg)
