Қайыңды тоғайға эко-саяхат
2025 жылдың 30 наурызында «Эко-life» туристік клубының белсенді студенттері Алматының ең көрікті жерлерінің бірі - Қайыңды тоғайға қызықты сапар ұйымдастырды.
Қайыңды тоғай - табиғат пен экологиялық тепе-теңдіктің символы болып табылатын Алматы қаласының қорықтарының бірі. Шара аясында студенттер салауатты өмір салтын ұстануға, таза ауамен тыныстаудан ләззат алып, еліміздің табиғи қорықтарымен жақынырақ танысуға мүмкіндік алды.
Студенттерден басқа, эко-сапарға ЖБП және ӘМТ кафедрасының оқытушылары қатысып, экологиялық теңгерімді сақтау және табиғатта белсенді демалудың маңыздылығын атап өтіп, бастаманы қолдап, серуенге қосылды.
Экологиялық туризмді насихаттауға белсенді қатысқаны және қосқан үлесі үшін барлық қатысушылар мен ұйымдастырушыларға алғыс білдіреміз!
30 Наурыз 2025
.png)


