«Антикалық дәуір студенттер көзімен» дөңгелек үстелі
2025 жылдың 27 наурызында Алматы филиалындағы Антикалық зерттеулер орталығының бағдарламасы аясында, Жалпы білім беру пәндері және әлеуметтік-мәдени технологиялар кафедрасымен бірлесе отырып, «Антикалық дәуір студенттер көзімен» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шарада студенттер, оқытушылар және сарапшылар бас қосып, антикалық мәдениеттің қазіргі қоғамға әсерін талқылады.
Дөңгелек үстелдің жетекші мамандары: Антикалық зерттеулер орталығының директоры, профессор Вдовин В.Н., жалпы білім беру пәндері және әлеуметтік-мәдени технологиялар кафедрасының меңгерушісі, профессор Цепкова И.Б., сондай-ақ доценттер Ратманова С.Б., Мәжиденова Р.М. және басқа да ғалымдар.
Шараға «Экономика», «Қолданбалы информатика», «Әлеуметтік-мәдени қызмет», «Психология» және «Құқықтану» мамандықтарының 1-2 курс студенттерімен қатар, №56 жалпы білім беретін мектеп оқушылары да қатысты.
Дөңгелек үстел аясында антикалық дәуірге арналған 10 баяндама ұсынылды. Олардың тақырыптары мифология, тарих, мәдениет, психология, экономика және құқық салаларын қамтыды. Қатысушылар антикалық идеялар мен концепциялардың бүгінгі қоғамға және адам қызметінің әртүрлі салаларына ықпалын талқылады.
Іс-шараның ұйымдастырушысы және бас модераторы профессор Вдовин В.Н. антикалық мәдениетті зерттеуде студенттердің сыни ойлауын және мәдени сәйкестігін қалыптастырудағы маңыздылығын атап өтті. Ал ұйымдастыру және жүргізу жұмыстары «Психология» мамандығының 1-курс студенті Д.А. Хлащевқа жүктеліп, ол өз міндеттерін сәтті орындады.
«Антикалық дәуір студенттер көзімен» дөңгелек үстелі білім мен идеялар алмасудың маңызды алаңына айналды. Ол жастар арасында антикалық зерттеулер мен мәдени мұраға деген қызығушылықтың артуына ықпал етеді.
27 Наурыз 2025

.jpeg)
.jpeg)
