«Қаржылық сауаттылық» дәріс-диалогы
10.12.2024 Алматы филиалында Экономика, информатика және математика кафедрасының оқытушысы Бабич Валентина Васильевна «Қаржылық сауаттылық» тақырыбында дәріс өткізді. Дәріс белсенді диалог форматында өтіп, қаржылық сауаттылық саласындағы білімді тереңдетуге ықпал етті.
Дәріске «Экономика» бағытының 1-2 курс студенттері қатысты. Дәріс барысында студенттер ақша ұғымымен, өтімділікпен және пайыздық мөлшерлемелердің түрлерімен танысты. Сондай-ақ депозиттер бойынша сыйақы есептеу қағидаттары, несие түрлері және несиелер бойынша төлемдерді есептеу қағидаттары қарастырылды. Дәріс шеңберінде студенттер ипотека бойынша мысал есептеп, сұрақтар қойып, есептеулерді өз бетінше жүргізді.
Қаржылық сауаттылық бойынша дәріс болашақ экономист студенттер үшін білім беру процесінің ажырамас бөлігі болып табылатынын атап өту қажет, себебі ол жеке қаржыны басқару дағдыларын дамытуға көмектеседі, бұл әсіресе қазіргі таңда өзекті болып табылады.
Қаржы құралдарын және олардың жұмысының қағидаттарын түсiну қаржылық шешiмдерге жауапты көзқарасты қалыптастыруға ықпал етедi, бұл өз кезегiнде студенттердiң болашағына және олардың қаржылық тұрақтылығына әсер етедi.