Top.Mail.Ru
«Перспектива» студенттік ғылыми қоғамының отырысы
Қабылдау комиссиясы СПбГКУ
(Санкт-Петербург)
8 (800) 333 52 02
Алматы филиалының
қабылдау комиссиясы СПбГКУ
8 (727) 345-35-03
Деканаттың телефоны
8 (727) 345-35-04
доб. 1302 (Экономика)
доб. 1306 (Құқықтану, Психология,
Қолданбалы информатика, СКД)
Қабылдау комиссиясы:
8 (727) 345-35-03 (Алматы)
8 (800) 333-52-02 (Санкт-Петербург)

«Перспектива» студенттік ғылыми қоғамының отырысы


2024 жылдың 10 желтоқсанында «Іскерлік мәдениет» пәні аясында «Болашақ маманның студент ретінде кәсіби этикасы мен мәдени этикеті» тақырыбында студенттік ғылыми қоғамның отырысы өтті. Аталған отырысқа АФ СПбГКУ барлық дайындық бағыттарының күндізгі оқу бөлімінің 40-қа жуық студенті қатысты.
Отырысты Алматы филиалы директорының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент О.С.Ахметова ашты, ол аталған іс-шараның маңыздылығын және ғылыми қолданбалы зерттеулердің бағыттары мен жетістіктерін зерттейтін шығармашылық тұлға ретінде студентті қалыптастырудағы рөлін атап өтті. Жалпы білім беретін пәндер және әлеуметтік-мәдени технологиялар кафедрасының меңгерушісі, профессор, саяси ғылымдар кандидаты И.Б.Цепкова және аталған іс-шараның ұйымдастырушысы, доцент, педагогика ғылымдарының кандидаты С.Б.Ратманова студент жастарға құттықтау сөз сөйледі.
Аталған іс-шараны бірінші курс студенттері Братцева Милана («ӘМҚ» дайындық бағыты) және Хлащев Денис («Психология» дайындық бағыты) жүргізді.
Студенттер өздерінің дайындық бағыттарынан топ болып шығып, жеке және ұжымдық әсерлерімен бөлісті. Сондай-ақ өздерінің ғылыми ізденістері және таңдаған кәсібі бойынша болашақ жұмысының ерекшелігін атап өтті, жалпы кәсіби-этикалық бағытын салыстырды, талдау жасады және «Іскерлік мәдениет» пәнімен байланыстыра отырып айырмашылықтары мен ұқсастықтарын атап өтті. СҒҚ отырысы барысында оқу тәжірибелерімен алмасты, ортақ және жеке қорытындылар жасады, қажетті ұсынымдар берді.
Барлық баяндамалар қызықты презентациялармен, қысқаша хабарламалармен, сондай-ақ іс-шараға ғылыми сарапшы ретінде шақырылған талдаушы студенттер мен жоғары курс студенттерінің ғылыми пікірлерімен сүйемелденді.
Іс-шара СҒҚ отырысының белсенді қатысушы- студенттеріне сертификаттарды табыстаумен аяқталды.12:44

10 Желтоқсан 2024
Описание изображения Описание изображения Описание изображения Описание изображения