Top.Mail.Ru
Жазушы Анна Шипиловамен шығармашылық кездесу
Қабылдау комиссиясы СПбГКУ
(Санкт-Петербург)
8 (800) 333 52 02
Алматы филиалының
қабылдау комиссиясы СПбГКУ
8 (727) 345-35-03
Деканаттың телефоны
8 (727) 345-35-04
доб. 1302 (Экономика)
доб. 1306 (Құқықтану, Психология,
Қолданбалы информатика, СКД)
Қабылдау комиссиясы:
8 (727) 345-35-03 (Алматы)
8 (800) 333-52-02 (Санкт-Петербург)

Жазушы Анна Шипиловамен шығармашылық кездесу


2024 жылдың 22 қарашасында филиалымызда жазушы, сценарист және продюсер Анна Шипиловамен кездесу өтті. «Скоро Москва» кітабының авторы шығармашылық жолының тарихымен, деректі очерктер мен әдеби шығармалар жазудағы тәжірибесімен бөлісті.

«Әлеуметтік-мәдени қызмет» бағыты бойынша білім алып жатқан студенттердің сұрақтарына жауап бере отырып, Анна Шипилова өз кітаптарына арналған оқиғаларды өмірден алатынын, кейіпкерлерімен барлық қуанышы мен өкініш-қайғысын бірге бастан өткеретінін атап өтті. Әр кейіпкер – бұл жай ғана образ емес, ол әрқайсымызды толғандыратын эмоциялар мен сезімдердің көрінісі.

Анна Шипилованың туындылары кейіпкерлердің өміріне терең бойлауды талап етеді, сондықтан әр оқырман кейіпкердің бойынан өзіне тән қасиеттерді көре алады. Анна Шипилованың пікірінше, ұсақ-түсектерге назар аудару, мейлі ол кейіпкердің мінезі, сөйлеу мәнері немесе ішкі қақтығыстары болсын, оған жан-жақты әрі шынайы бейнелер жасауға мүмкіндік береді.

Анна Шипилова үшін жазу процесі тек жұмыс қана емес, сонымен бірге өзін-өзі  танытудың бір түрі. Ол басқалар байқамауы мүмкін ұсақ-түйектерді байқап, оларды қызықты әңгімелерге айналдырады.

Сонымен қатар, жазушы өз зерттеуі мен талдау әдістерімен бөлісті. Туындылар жазу барысында оқырманның жанын терең әсерлендіру үшін жеке тәжірибенің маңыздылығын түсіндірді.

Жазушы тыңдаушыларға өздерін сынап көруге, эксперименттен қорықпауға және түрлі байқаулар мен фестивальдерге қатысуға кеңес берді.

Алматы филиалы Ресей жазушысы Анна Шипиловамен кездесуді ұйымдастырғаны үшін Ресей ынтымақтастығына алғысын білдіреді.

22 Қараша 2024
Описание изображения Описание изображения Описание изображения Описание изображения