Top.Mail.Ru
29 қазан 2024 жыл. АФ СПбГКУ студенттері арасында өткен информатика пәнінен олимпиада
Қабылдау комиссиясы СПбГКУ
(Санкт-Петербург)
8 (800) 333 52 02
Алматы филиалының
қабылдау комиссиясы СПбГКУ
8 (727) 345-35-03
Деканаттың телефоны
8 (727) 345-35-04
доб. 1302 (Экономика)
доб. 1306 (Құқықтану, Психология,
Қолданбалы информатика, СКД)
Қабылдау комиссиясы:
8 (727) 345-35-03 (Алматы)
8 (800) 333-52-02 (Санкт-Петербург)

29 қазан 2024 жыл. АФ СПбГКУ студенттері арасында өткен информатика пәнінен олимпиада


2024 жылдың 29 қазанында АФ СПбГКУ студенттері арасында №408 дәрісханада 13:00-14:50 уақыт аралығында «Қолданбалы информатика» және «Экономика» бағытының студенттері информатика пәнінен олимпиадаға қатысты. Басты мақсат -  студенттердің информатикаға деген қызығушылығын арттырып, командада жұмыс істей білу дағдыларын қалыптастыру. Өткізу форматы: Симуляция элементтері бар іскерлік ойын.

Олимпиадаға 7 команда қатысты. Команда құрамы: «Код Атаки» командасы ДЭ23БЭКО1
1.Джуманов Тимур Русланұлы
2.Мастяев Максим Владимирович

«Там Сям Миллионер» командасы ДЭ24БЭКО1
1.Курков Георгий Александрович
2.Шашков Владислав Васильевич

«Убежище» командасы ДЭ24БЭКО1
1.Бондарец Мария Максимовна
2.Молокова Мария Ильинична

«Студент» командасы ДЭ24БЭКО1 
Халугаров Мансур Николаевич

«Кодеры будущего» командасы ДЭ23БИНФ1
1.Алейникова Екатерина Юрьевна
2.Вахитов Евгений Станиславович

«Кибер поток» командасы ДЭ24БИНФ1
1.Кабаченко Руслан Дмитриевич
2.Син Джунчоль

«Eans Game» командасы ДЭ24БИНФ1
1.Ахметтаев Ален Каирович
2.Турманов Бауыржан Расулович

Ойын техниктері ретінде ДК23БПСИ1 тобының студенттері Ню Лия Романовна және Штрошер Элина Владимировна шақырылды.

1-тур: Пойыз. Келесі станция – «Ойын қаласы». Командаларға 6 сұрақ беріліп, сұрақтарға жауап алынып, қаланың кіру паролін табу керек болды. Тапсырманы орындағаны үшін командалар әрбір дұрыс тапқан әріп үшін 100 бит (ең көбі 600 бит) бастапқы капитал жинады.
2-тур: Ойын қаласы 
Бір орыннан екінші орынға жету үшін әр жолы 100 бит төлеу керек. Станцияларда командаларға тапсырмалар берілді. Әр тапсырманың өз бағасы бар. Дұрыс жауапқа премия, қате жауапқа айыппұл берілді. Ойын барысында команда бір рет Тапсырма Биржасына өте алды. Бұл жағдайда қалған қатысушылар да биржаға шақырылды.
Барлық командалар тапсырмаларды сәтті орындады. Жеңімпаз болып ең көп ойын валютасын жинаған команда аталды.

Қазылар алқасы құрамында болған экономика, информатика және математика кафедрасының меңгерушісі, экономика ғылымдарының кандидаты, доцент Ж.С. Аймешева және аға оқытушы С.О. Чугай әр команданың жұмыстарын бағалады. 
Олимпиада нәтижелері бойынша: 
1 орын «Кибер ағын» командасы; 
2 орынды «Убежище» және «Кодеры будущего» командалары бөлісті; 
3 орын – «Eans Game» командасына берілді.

Олимпиада жеңімпаздары мен белсенді қатысушылар дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Шығармашылық байқауға қатысушылар сертификаттарға ие болды.
 

29 Қазан 2024
Описание изображения Описание изображения Описание изображения Описание изображения Описание изображения Описание изображения