«Қазақстан педагогтары: оқыту, тәрбие және даму бірлігі» халықаралық форумы
2024 жылдыі 22 қазанында «Қазақстан педагогтары: оқыту, тәрбие және даму бірлігі» атты халықаралық форум өтті. Форумға Қазақстан мен Ресей мектептерінің 500-ден астам директоры, оқу ісінің меңгерушілері, әдіскерлері, педагогтары қатысты.
Форумда Алматы филиалы СПбГКУ атынан спикер ретінде доценттер Сурменева Светлана Владимировна мен Бодрова Елена Владимировна «Буллингті құқықтық реттеу және оның алдын алу әдістері» тақырыбында сөз сөйледі.
Спикерлеріміздің баяндамасы мектеп директорлары мен педагогтары арасында үлкен ықыласқа ие болды. Кері байланыстар орнатылып, одан әрі өзара ынтымақтастық жоспарланды.
Іс-шараны ұйымдастыруға атсалысқаны үшін жоғары оқу орнына дейінгі дайындық бөлімінің меңгерушісі Екатерина Александровна Меньшиковаға және ерікті студенттерге алғыс білдіреміз.
22 Қазан 2024
.jpeg)
.jpeg)
.jpeg)
.jpeg)



