Top.Mail.Ru
Қазақстан Республикасы экономикасының бүгінгі күнгі өзекті мәселелері және энергетика мен АЭС құрылысы
Қабылдау комиссиясы СПбГКУ
(Санкт-Петербург)
8 (800) 333 52 02
Алматы филиалының
қабылдау комиссиясы СПбГКУ
8 (727) 345-35-03
Деканаттың телефоны
8 (727) 345-35-04
доб. 1302 (Экономика)
доб. 1306 (Құқықтану, Психология,
Қолданбалы информатика, СКД)
Қабылдау комиссиясы:
8 (727) 345-35-03 (Алматы)
8 (800) 333-52-02 (Санкт-Петербург)

Қазақстан Республикасы экономикасының бүгінгі күнгі өзекті мәселелері және энергетика мен АЭС құрылысы


16 қазан күні 408 дәрісханада сағат 13.00-де  СПбГКУ Алматы филиалында ҚР қоғам қайраткері, техника ғылымдарының кандидаты Своик Петр Владимировичпен «Қазақстан Республикасы экономикасының бүгінгі күнгі өзекті мәселелері және энергетика мен АЭС құрылысы» тақырыбында дәріс оқылды.
«Экономика» дайындық бағытының 1 және 2 курс студенттері экономиканың даму тарихы аспектілерін, экономиканың түрлі дағдарыстық ықпалдағы эволюциялық процесінің маңызды кезеңдері туралы дәрісті қызығушылықпен тыңдады. Қонағымыз атап өткендей, Қазақстан шикізат тауарлары бағасының ауытқуы мен жаһандық экономикалық тұрақсыздықты қоса алғанда, өзгермелі әлемдік экономикалық ахуалға бейімделуді жалғастыруда. Алайда экономиканың негізгі мәселелері инфляция, макроэкономикалық және энергетикалық тұрақсыздық болып қалып отыр. Қазақстан инвестициялық ахуалды жақсартуға, сондай-ақ адами капиталды дамытуға бағытталған стратегиялық бағдарламаларды іске асыруды жалғастыруда.
Студенттер жоғары белсенділік таныта отырып, Қазақстанның отын және энергетикалық ресурстарына байланысты сұрақтар қойып, белсенділіктерін танытты.
Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы атап өткендей, мұндай бастамалар студенттерге тек теориялық аспектілерді ғана емес, экономиканың түрлі салаларындағы, соның ішінде энергетика мен АЭС құрылысындағы практикалық мәселелерді терең түсінуге көмектеседі. Бұл әсіресе болашақта мемлекетіміздің экономикалық дамуына үлес қоса алатын жоғары білікті мамандар даярлау үшін маңызды болып табылады.
 

16 Қазан 2024
Описание изображения Описание изображения Описание изображения Описание изображения Описание изображения