«ИнфоМатЭк» студенттік ғылыми қоғамының отырысы
2024 жылдың 1 қазанында сағат 11:00-де 509 дәрісханада «ИнфоМатЭк» студенттік ғылыми қоғамының отырысы өтті. Бас қосудың тақырыбы: «Жасанды интеллектті дамыту перспективалары және оның экономикаға әсері». Бұл тақырып кездейсоқ таңдалған жоқ, себебі «Экономика» және «Қолданбалы информатика» дайындық бағыты студенттерінің арасында үлкен қызығушылық тудырды.
Шараны Экономика, информатика және математика кафедрасының оқытушылары: доцент С.Ж. Каратабанова, доцент О.В. Бартаева және доцент Ж.С. Аймешева ұйымдастырды.
Отырысты «Қолданбалы информатика» дайындық бағытының үшінші курс студенті Косачев Георгий ашып, жасанды интеллект туралы баяндама жасады. «Экономика» дайындық бағытының екінші курс студенттері Джуманов Тимур, Коденцева Ангелина, Шеремета Анна және де «Қолданбалы информатика» дайындық бағытының екінші және үшінші курс студенттері Алейникова Екатерина, Павленко Богдан, Вахитов Евгений, Косачев Георгий, Хисамов Никита дайындаған баяндамалар презентация түрінде ұсынылды.
Ұсынылған баяндамалар мен еркін пікірталастың нәтижесінде, сондай-ақ жаһандық технологиялар институтының (McKinsey Global Institute) статистикалық деректері негізінде отырысқа қатысушылар жасанды интеллект технологиялары 2030 жылға қарай ЖІӨ-нің қосымша 13 трлн доллар мөлшерінде өсуін қамтамасыз етуге қабілетті деген қорытындыға келді. Бұл еңбек өнімділігінің өсуі шамамен 1,2% -ға ұлғаюы мүмкін дегенді білдіреді. Бұл жасанды интеллект экономиканың дамуына оң ықпал ететінінің тікелей көрінісі.
Отырыс оң нәтижемен аяқталып, іс-шараға қатысушылардың барлығы келесі отырысқа дайындалу ниеттерін білдірді.