Есік көліне эко-сапар
29 қыркүйек күні Алматыдан шығысқа қарай 40 шақырым қашықтықтағы Іле Алатауының Есік шатқалында орналасқан Есік көліне эко-сапар ұйымдастырылды. Сапарға Алматы филиалының барлық курс кураторлары мен студенттері қатысты.
Сапардың мақсаты - оқудан тыс бос уақытта демалыс ұйымдастыру, қатысушыларды Алматы облысындағы ең әдемі су қоймаларының бірінің табиғи байлықтарымен таныстыру.
Есік көлі - теңіз деңгейінен 1700 метрден астам биіктікте орналасқан бірегей биік таулы көл. Тау жиектерімен көмкерілген, көгілдір түсті суы бар Есік көлі гранит жақтауындағы изумрудқа ұқсайды. Тау баурайларында Тянь-Шань шыршасы мен жабайы өрік, жағалауында қайың, қарағай және түрлі бұталар өседі.
Эко-сапарға қатысушылар демалысқа арнайы таңдалған орын туралы және іс-шараның ұйымдастырылуын, сондай-ақ экожүйені сақтаудың, осы өңірдің экологиялық тепе-теңдігін сақтаудың маңыздылығын жоғары бағалады.