Бейне нұсқаулық бойынша электронды қабылдау комиссиясын (ЭҚК) толтыру
ЭҚК толтыру үшін сізге қажет болады:
a) сканерленген және ДК-ге сақталған (pdf форматында):
- жеке басты куәландыратын құжат (паспорт немесе жеке куәлік);
- орта (толық) жалпы білім туралы құжат (аттестат немесе диплом);
b) тіркеу мекенжайы мен нақты тұратын мекенжай туралы мәліметтер;
c) бейне нұсқаулыққа сәйкес тіркеу формаларын толтыру.
ЭҚК формасын жеке компьютерде толтыруды ұсынамыз
ЭҚК толтырғанда келесі тармақтарға назар аударыңыз:
1) ҚР азаматтары жеке куәлік деректерін енгізеді;
2) ҚР жеке куәлік беруші орган - ҚР ІІМ;
3) Ата-ананың деректері;
4) Мекенжай: пошта индексі мен толық мекенжайды міндетті түрде енгізіңіз;
Мысалы
5) Қолданыстағы байланыс контактісін көрсетіңіз
Барлық тармақтар дұрыс толтырылуы керек. Өтінішті тапсырар алдында қайта тексеріңіз.
ЭҚК толтыруда қиындықтар туындаса қабылдау комиссиясы мамандарына төмендегі байланыс нөміріне хабарласыңыз +7 706 418 7951.